Әлем
1 мин оқу 610
Brent маркалы мұнайдың бағасы өсті
<p style="text-align: justify;">2022 жылдың сәуірінде жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерсінің құны лондондық ICE биржасында 1,73%-ға өсіп, баррелі 96,07 долларға жетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.</p>
Бұған дүйсенбі күні Мәскеу уақытымен 04:04-те сауда алаңындағы деректер дәлел. Соңғы рет Brent маркалы мұнай бағасы 2014 жылдың қазанында барреліне 96 доллардан асқан.
Мәскеу уақытымен 04:08-де Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 95,83 доллар (+1,47%) болған. WTI-дегі фьючерс 1,62%-ға қымбаттап, барреліне 94,61 доллар болды.
Бөлісу: