Оқиға
1 мин оқу 542

37 адам қар құрсауынан құтқарылды

<p style="text-align: justify;">Өткен тәулікте Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстарында дауылды ескертулер жарияланды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

37 адам қар құрсауынан құтқарылды

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, елімізде қар құрсауында қалған 37 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды. 10  автокөлік қар құрсауынан шығарылды.

Мәселен, 13 ақпанда сағат 8.22-де Қостанай облысының Арқалық қаласынан 20 шақырым жерде «Арқалық-Амангелді» автожолында құтқарушылар қар құрсауында қалған 3 жеңіл автокөліктен 17 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарды. Жолаушылар Арқалық қаласына жеткізілді. Олардың жағдайлары жақсы, медициналық көмек қажет болмады. Авариялық-құтқару операциясына Қостанай облысы ТЖД 3 құтқарушысы мен 1 техника жұмылдырылды.

Сағат 8.38-де Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында «Ақтоғай-Балқаш» автожолында Ақтоғай ауылынан 30 шақырым жерде құтқарушылар жолдан шығып кеткен 2 жеңіл автокөлікті жолдың тазартылған учаскесіне шығарды. Автокөлік салонында 4 жолаушы болған. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады. Қарағанды облысы ТЖД 5 құтқарушысы мен 2 техника жұмылдырылды.

Сағат 14.28-де Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданы Алаш тасжолында автокөлік қар құрсауында қалды. Тез арада оқиға орнына Трэкол көлігімен барған құтқарушылар көлік иесін құтқарды. Авариялық-құтқару жұмыстарына Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД 2 құтқарушысы мен 1  техника жұмылдырылды.

Кешке сағат 19.00-де Арқалық қаласында «Арқалық-Торғай» автожолында құтқарушылар қар құрсауында қалған 4 жеңіл көліктен 15  адамды құтқарды. Құтқарылғандар Арқалық қаласына жеткізілді. Олардың жағдайлары жақсы, медициналық көмек қажет болмады. Авариялық-құтқару операциясына Қостанай облысы ТЖД 3 құтқарушысы мен 1 техника жұмылдырылды.

Бөлісу:
37 адам қар құрсауынан құтқарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар