Қысқы спорт
1 мин оқу 290

Бейжің-2022: Француздар екінші әлемдік рекорд орнатты

<p style="text-align: justify;">14 ақпанда Франция өкілдері Гийом Сизерон мен Габриэлла Пападакис мұз билерінде алтын медаль жеңіп, кезекті әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Төрешілер мәнерлеп сырғанаушылардың чемпиондық нәтижесін 226,98 баллмен бағалады.

Бұрынғы рекорд та оларға тиесілі. Гийом Сизерон мен Габриэла Пападакис 226,61 баллды екі жыл бұрын орнатқан. Француздардан кейінгі орында 220,51 балл жинаған Ресей өкілдері Виктория Синицина мен Никита Кацалапов орналасты. Ал қола жүлдені 218,02 баллдық көрсеткішімен американдықтар Мэдисон Хаббелл мен Закари Донохью алады.

Айта кетсек, бұл Габриэла мен Гийомның 2022 жылғы Олимпиададағы екінші алтыны. Бұған дейін олар ырғақ биінде 90,83 ұпай жинап, үздік атанды.

Бөлісу:
Бейжің-2022: Француздар екінші әлемдік рекорд орнатты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар