Қысқы спорт
1 мин оқу 381

Ақмаржан Қалмұрзаева Бейжің Олимпиадасының финалына шықты

<p style="text-align: justify;">Қытай астанасы Бейжің қаласында өтіп жатқан Ақ Олимпиада ойындарында бүгін Фристайл-акробатикасынан Ақмаржан Қалмұрзаева финалға өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстандық Ақмаржан Қалмұрзаева екінші іріктеу кезеңінде үздік 12 спортшы бақ сынайтын финалдық кезеңге жолдама алды.

Ақмаржан іріктеу кезеңінде 98.68 ұпай жинап көш бастады. Өкінішке қарай, команда үздігі Жанбота Алдабергенова екінші іріктеу кезеңінен финалдық сынға өте алмай қалды.

Финалдық кезең Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталады.

Бөлісу:
Ақмаржан Қалмұрзаева Бейжің Олимпиадасының финалына шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар