Президент
1 мин оқу 281

Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Президенті&nbsp;Гурбангулы Бердімұхамедов&nbsp;екі жақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтудың перспективаларын талқылады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://www.akorda.kz/ru/sostoyalsya-telefonnyy-razgovor-prezidenta-kasym-zhomarta-tokaeva-s-prezidentom-turkmenistana-gurbanguly-berdymuhamedovym-141128" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Ақорданың</a> ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедов екі жақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтудың перспективаларын, оның ішінде Қазақстан Президентінің былтырғы қазан айында Ашхабадқа жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады.

Президенттер өзара сауда-саттық көлемінің артқанына, энергетика, көлік, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықтың жанданғанына көңілдері толатынын тілге тиек етті. Әңгіме барысында қос елдің Президенттері бауырлас екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі кеңейту ниеттерін жеткізді.

Сондай-ақ, әңгіме барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовтің кезектен тыс президент сайлауын өткізу жөніндегі шешімін қолдайтынын мәлімдеді.

Бөлісу:
Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар