Спорт
1 мин оқу 280

Валиева жарыстарға қатысады

<p style="text-align: justify;">Спорттық арбитраж соты (CAS) ре&shy;сей&shy;лік мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиеваның допинг мәселе&shy;сіне қатысты шешімін жариялады. 15 жастағы спортшы Қысқы Олим&shy;пиа&shy;даның алдағы жарыстарына қатысатын болды.</p>

Валиева жарыстарға қатысады

Олимпия ойындарының 7 ақпан күнгі жарыстарында Ресейдің мәнерлеп сыр­ғанау командасы үздік нәтиже көрсетіп, Олимпиада чемпионы атанған еді. Алайда Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Камила Валиеваның желтоқсанда тапсырған допинг-тестінен тыйым салынған препарат табылғанын хабарлады. Кейіннен Ресей антидопинг агенттігі (RUSADA) CAS-қа апелляция берді.

CAS-тың арнайы комиссиясы жиын өткізіп, Валиеваның Олимпия ойындарының қатысуына рұқсат берді. Сот шешімі бо­йын­ша, спортшы кәмелет жасына жет­пегендіктен, оны жарыстан шеттете алмайды. Өйткені Дүниежүзілік антидопинг кодексінде кәмелет жасына толмағандарды жарыстан шеттету туралы бап жоқ.

Бөлісу:
Валиева жарыстарға қатысады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар