Спорт
1 мин оқу 250

Әлем кубогында қола алды

<p style="text-align: justify;">Әзербайжан астанасы &ndash; Бакуде ба&shy;тут&shy;&shy;тағы гимнастикадан кезекті Әлем кубогы кезеңі аяқталды. Дүниежүзі&shy;нің үздік спортшылары қатысқан дода&shy;да жерлестеріміз де жүлдегерлер қатарынан көрінді.</p>

Әлем кубогында қола алды

Батуттағы гимнастика жарысының би­ылғы маусымдағы алғашқы жарысы Бакудегі Әлем кубогы кезеңімен басталды. Жылдың ал­ғашқы додасында бақ сынаған отандасымыз Данил Мұсабаев қола жүлдеге қол жеткізді. Ха­лық­аралық дәрежедегі спорт шебері, былтырғы Италияда өткен Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлде алған ол финалда 58,890 ұпай еншілеп, үздік үштікті қорытындылады. Бас жүлдені Токио Олимпиадасының жеңім­пазы, екі дүркін әлем чемпионы Иван Лит­вино­вич (Беларусь) иеленсе, күміс жүлдені Лит­виновичтің отандасы Андрей Буйлов жеңіп алды.

Айта кетерлігі, синхронды секіру бойынша Роман Барков пен Игорь Грачев финалда бесінші орынға табан тіреді.

Бөлісу:
Әлем кубогында қола алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар