Сенімді құрылыс компанияларының тізімі жаңартылды
<p style="text-align: justify;">Үлескерлердің қаражатын қабылдауға рұқсаты бар компаниялардың жаңартылған тізімін елорданың сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының сайтынан алуға болады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>
«Құрылыс салушылардың жаңа тізімі мына сілтеме бойынша бейінді басқарманың сайтында көрсетілген: https://www.gov.kz/memleket/entities/nur-sultan-saulet/documents/details/265998?lang=ru.
Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан әкімдігі үлескерлердің қаражатын қабылдауға 6 рұқсат берді.
Олардың арасында бір құрылыс салушы компания көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін ғана үлескерлердің ақшасын қабылдауға рұқсат алды. Ал қалған бесеуі – екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысу тәсілі арқылы», делінген әкімдік хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңына сәйкес үлестік қатысу мынадай тәсілдердің бірімен ұйымдастырылады:
Кепілдік беру Қорының кепілдігін алу;
- Екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы;
- Тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын қабылдау.
Үлестік құрылысқа әлеуетті қатысушының (сатып алушының) үлескерлердің қаражатын қабылдау үшін рұқсат құжаттарының бар-жоғын тексеруге және Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасынан кеңес алуға құқығы бар.