Оқиға
1 мин оқу 380

Қарағандыда заңсыз майнинг фермасы анықталды

<p style="text-align: justify;">Қаржы мониторингі агенттігі Қарағанды облысында заңсыз майнинг дерегін анықтады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Майнинг фермасының жұмысына 40 тонналық төрт контейнер тартылды, онда майнингке арналған 1 173 жабдық орналасқан. Барлық жабдықтың бағасы 5,87 миллион АҚШ доллары немесе 2,5 миллиард теңге болады», делінген хабарламада.

«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының басқарма төрағасына қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды.

Бөлісу:
Қарағандыда заңсыз майнинг фермасы анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар