Оқиға
1 мин оқу 320

Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшілері ұсталды

<p style="text-align: justify;">Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) ІІМ-мен бірлесіп Алматы қаласында және Алматы облысында бұрынғы спортшылар мен бұрын сотталған адамдардан тұратын &laquo;Қазақстандықтар&raquo; Ұйымдасқан қылмыстық тобының құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесу бойынша ірі ауқымды арнайы операция жүргізді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшілері ұсталды

Қылмыстық топтың ұсталған 6 мүшесінің Алматы өңірі аумағындағы бірқатар қылмыстарға (қорқытып алу, қарақшылық, озбырлық, бұзақылық, кәсіпкерлерге криминалдық қамқорлық, мал ұрлығы) қатысы бары анықталып отыр.

Күдіктілерді ұстау және тұрғылықты жерлерін тінту барысында 4 бірлік атыс қаруы, 177 оқ-дәрі, 7 граната, арнайы құралдар, сондай-ақ қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезіндегі мародерлікке  қатысқандарын растайтын заттар радиостанциялар, «ПР» дубинкалары, броньды кеудеше тәркіленді.

Ұсталғандар ҚАЖД 8-ТИ және ҰҚК Алматы қ. бойынша департаментінің тергеу изоляторларына қамалды. ҚР ҚК 287-бабының 3 және 4-бөліктері Атыс қаруын, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Тергеу-жедел іс-шаралары кешенінің нәтижесінде топ мүшелері ҰҚТ мүшелеріне тиесілі қаруы бар «көмбелерді» көрсетуге ойысты.   

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында екі «көмбе» анықталып, олардан 44 бірлік атыс қаруы және 3 бірлік суық қару, сондай-ақ 20 бірлік оқ-дәрілер алынды.

Алынған қару-жарақты, сондай-ақ оларды қаңтар оқиғаларында қолдануды сәйкестендіру бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Бөлісу:
Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшілері ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар