Қоғам
1 мин оқу 694

Шекарашылар интернационалист жауынгерлерді еске алды

<p style="text-align: justify;">Бүгін кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 33 жыл толуына орай елордада Ауғанстанда интернационалдық борышын орындау кезінде қаза тапқан қазақстандықтарға арналған мемориалда салтанатты іс-шара өтті, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Шекарашылар интернационалист жауынгерлерді еске алды

Іс-шараға 100-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында Ауған соғысының ардагерлері, қаза тапқан жауынгерлердің туыстары, ҰҚК Шекара қызметінің және ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен әскери қызметшілері, сондай-ақ қала әкімдігінің өкілдері бар.

Сондайа-ақ интернационалист жауынгерлерді еске алу шарасы Алматы облысында да ұйымдастырылды. Онда 28 Панфиловшылар саябағында монументке гүл шоқтары қойылды. Жиналыста Шекара қызметінің құрметті ардагері, генерал-майор Тоқтасын Бұзубаев сөз сөйледі.

1

ШҚ Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары бойынша департаменттерінде де қаза тапқан әскери қызметшілерді еске алу шарасы болып өтті.

1

Бөлісу:
Шекарашылар интернационалист жауынгерлерді еске алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар