Аймақтар
1 мин оқу 520

Боран: ШҚО-да республикалық маңызы бар жол жабылды

<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысында боранға байланысты бірқатар республикалық маңыздағы жол жабылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда боран мен жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты республикалық маңызы бар «Глубокое-РФ шекарасы» жолы жабылды.

«Ал қар көшкіні жүру қаупіне орай «Өскемен-Серебрянск» тосжолында барлық көлік түрлерінің қозғалысына тыйым салынған. Сондай-ақ облыстық маңыздағы Тайынты мен Самар ауылдарының арасындағы жол жабық тұр», делінген ақпаратта.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.

Бөлісу:
Боран: ШҚО-да республикалық маңызы бар жол жабылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар