Қоғам
1 мин оқу 663

ЖОО оқытушыларының жалақысы өседі

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәдениет саласындағы қызметкерлердің әлеуметтік пакетін жақсартуға уәде берді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

«Әрине, саланың ең өткір мәселелерінің бірі - мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің әлеуметтік пакеті. Мәдениет ұйымдарының лауазымдық жалақыларына «ұлттық» мәртебесі бар 1,75 коэффициенті түрінде қосымша ақылар мен үстемақылар әзірлеу қажет», деді Дәурен Абаев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.

Сондай-ақ оның айтуынша, шығармашылық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен концертмейстерлерінің жалақы мөлшеріне назар аудару қажет.

«Бұл мәселені мен өз бақылауыма аламын. Осы күндері мен кездестірген көптеген оқытушылар, тіпті ең қиын 90-шы жылдары да өз мамандықтарын тастамады. Олардың арқасында мәдениет пен өнерде ұрпақ алшақтығы болған жоқ», деп атап өтті ведомство басшысы.

Бөлісу:
ЖОО оқытушыларының жалақысы өседі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар