Қазақстан
1 мин оқу 503

Елімізде мұрағат үшін мамандандырылған ғимараттар жетіспейді

<p style="text-align: justify;">Мәдениет және спорт министрлігі мемлекеттік мұрағаттар үшін ғимараттардың жетіспеушілігі мәселесін қозғады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Енді мұрағат ісі саласына қатысты. Республикада 229 мемлекеттік мұрағат жұмыс істейді. Бұл ретте мемлекеттік мұрағаттардың типтік мамандандырылған ғимараттарының жетіспеушілігі байқалады, олардың үлесі тек 14,7%-ды құрайды», деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев ведомствоның кеңейтілген отырысында.

Министрдің айтуынша, жүргізілген талдау республика бойынша 128 нысан салу қажеттігін анықтады.

Ол жетекшілік ететін вице-министрге жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп мұрағат қоймаларының көлемін ұлғайту мәселесін пысықтауды тапсырды.

«Сонымен қатар, негізгі сервер істен шыққан жағдайда «Е-мұрағатты» резервтік серверлермен қамтамасыз ету мәселесін бақылауға алу қажет. Сондай-ақ мемлекеттік органдардың ұлттық және өңірлік мұрағаттармен өзара іс-қимыл проблемасы бар. Жүйелерді біріктіру ресми түрде жүзеге асырылды, бірақ іс жүзінде ол толық жұмыс істемейді. Бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Мен оны жеке бақылауымда ұстаймын», деді Дәурен Абаев.

Бөлісу:
Елімізде мұрағат үшін мамандандырылған ғимараттар жетіспейді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар