Президент
1 мин оқу 291

Президент Ұлттық банк төрағасының есебін тыңдады

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың инфляцияны болдырмау жөніндегі ақша-кредит саясатының іске асырылу барысы жайындағы есебін тыңдады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

Қасым-Жомарт Тоқаевқа валюта және ақша нарықтарындағы ахуал, елдің алтынвалюта резервтерінің жай-күйі, сондай-ақ былтырғы төлем теңгерімін алдын ала бағалау туралы есеп берілді.

Ғалымжан Пірматов Ұлттық банктің негізгі мандаты саналатын қаржы және баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған ақша-кредит саясатының тиімділігін одан әрі арттыру жөніндегі жоспарын алға тартты.

Ұлттық банктің 2022 жылға арналған жоспарымен егжей-тегжейлі танысқан Президент, банк төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.

Бөлісу:
Президент Ұлттық банк төрағасының есебін тыңдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар