Ертең Президенттің жаңа сұхбаты ұлттық арнадан көрсетіледі
<p style="text-align: justify;">17 ақпан күні сағат 20:30-да «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты көрсетіледі. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында <a href="https://www.instagram.com/p/CaCU9rgKi2W/?utm_source=ig_web_copy_link" target="_blank" rel="noopener noreferrer">жазды</a>, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Президент сұхбат барысында қасіретті қаңтар оқиғасының себеп-салдары мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы стратегиялық серіктестерімен қарым-қатынастарына, қабылдаған шешімдеріне қатысты сауалдарға жауап береді», делінген жазбада.