Президент
1 мин оқу 434
Қасым-Жомарт Тоқаев ОСК басшысын қабылдады
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысына Орталық сайлау комиссиясының сайлауаралық кезеңдегі қызметінің басым бағыттары таныстырылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.</p>
Қабылдау барысында Нұрлан Әбдіров Қасым-Жомарт Тоқаевқа аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау науқанын өткізуге қатысты өңірлердегі сайлау органдарының жұмысы туралы егжей-тегжейлі баяндады.
Кездесу қорытындысы бойынша Президент Орталық сайлау комиссиясына сайлауаралық үдерістердің заңға сәйкес толық ашық болуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Бөлісу: