Қоғам
2 мин оқу 423

Вейп эпидемиясының қаупі жоғары

<p style="text-align: justify;">Денсаулық сақтау министрлігінің Ден&shy;саулық сақтауды қорғау ұлт&shy;тық орталығының сарап&shy;шы&shy;&shy;сы Жанар Қалмақова Қа&shy;зақ&shy;станда темекі шегу тәуел&shy;ді&shy;&shy;лігінің төмендеуі аясында және қа&shy;былданған заңнамалық нор&shy;ма&shy;лар&shy;&shy;ға қарамастан, әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында вейп эпидемиясы өсуде деп есептейді.</p>

Вейп эпидемиясының қаупі жоғары

«Болашақта снюстерге тыйым са­лу секілді вейптердің айналымына қатаң тыйым салу, сондай-ақ қыз­ды­рылған темекі мен оны тұтыну құ­рыл­ғыларынан оның кәдімгі темекіге толық теңестірілуіне байланысты акциз­дерді жинауды арттыру қажет», деп атап өтті Ж.Қалмақова.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақ­тау жүйесі туралы» кодексінің қол­даныстағы мемлекеттік бақылау ша­ралары мен заңнамалық тетіктердің кө­мегімен халық арасында темекі шегуге қарсы күрестегі елеулі прогрес­ке назар аударады. Осылайша, 2009 жылы қабылданған және 2020 жылы кү­­шей­тілген «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ко­дексін енгізумен темекіні бақылау жө­ніндегі бірқатар мемлекеттік шара Қазақстанда темекі тұтынудың шамамен 7 пайызға төмендеуіне алып келді.

Осылайша, орталық мәліметтері бо­йынша, егер 2007 жылы қазақстан­дық­тар­дың шамамен 27%-ы темекі шегуге әуес болса, 2019 жылы темекі шегу ересек тұрғындар арасында 20,4%-ға дейін төмендеді. Қазір бұл жаман әдеттен ерлердің 36,5%-ы және әйелдердің 6%-ы зардап шегеді.

2014 және 2019 жылғы GATS (ДДҰ Ғаламдық зерттеуі) зерттеулеріне сәйкес, темекі шегушілер саны ерлер арасында 14%-ға айтарлықтай төмендеген.

GATS сауалдамасының деректері бо­йынша, қазақстандықтардың 70%-дан астамы темекі шегуге тыйым салуды және темекі түтінінен бос орта құру жөніндегі шараларды қолдайды. Оның әсері 2014 жылдан 2019 жылға дейін колледждерде, университеттерде және медициналық мекемелерде 70%-дан астам, үкіметтік ғимараттарда және қоғамдық көліктерде – 50%, үй ішіндегі жұмыс орындарында 40%-ға төмендеді, ал барлар мен түнгі клубтарда темекі түтінінің әсері 11,3%-ға өсті.

Бөлісу:
Вейп эпидемиясының қаупі жоғары · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар