Аймақтар
1 мин оқу 1,920

Жайықтың жабайы мысығы

<p style="text-align: justify;">Күні-түні дала кезген жабайы мысықты көріп пе едіңіз? Дәл осын&shy;дай мысық Атыраудағы &laquo;Ақ Жайық&raquo; мемлекеттік таби&shy;ғи ре&shy;зерватында бар екен. Бірақ оның саны белгісіз.</p>

Жайықтың жабайы мысығы

Облыстық орман ша­руа­­шылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инс­пек­циясының бас маманы Нұр­лан Иманғалиевтің айтуынша, жа­қында жабайы дала мысығы шаруа қожа­лығының аумағында тұзаққа түскен.

– Дала мысығы Атырау қала­сының маңындағы шаруа қожалы­ғының ауласында ұсақ жандықтар мен үй құста­рын талаған. Жабайы аң азық іздеп келген болуы мүмкін. Сол кезде тұзаққа түсіп қалған. Шаруа қожалығының жетекшісі тұзақтағы мысыққа қарсы тосын әрекетке бар­май, ерікті­лерге жүгінген. Ерік­тілер бұл жөнінде облыстық аумақ­тық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекция­сына хабарлады. Инспекция инспек­торлары еріктілермен бірге жабайы мысықты «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағына әке­ліп, табиғи мекендеу ортасына жіберді, – дейді Нұрлан Иманғалиев.

Атырау облысы

Бөлісу:
Жайықтың жабайы мысығы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар