Әнуар Жұмаділдаев қызметінен босатылды
<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасы қаржы министрінің бұйрығымен Әнуар Серқұлұлы Жұмаділдаев берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> primeminister.kz-ке сілтеме жасап.</p>

Әнуар Жұмаділдаев 1965 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.
Патрис Лумумба атындағы халықтар достығы университеті мен Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін бітірген.
2005 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Әр жылдары ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитеті мен Ішкі мемлекеттік аудит комитетін басқарды.
2017-2019 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
2019-2020 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы болды.
2020 жылғы шілде айында ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды.