Оқиға
1 мин оқу 272

Электр энергиясына жауапты мекемелер жоспардан тыс тексеріледі

<p style="text-align: justify;">Елорда тұтынушыларының шағымы негізінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті &laquo;Астанаэнергосбыт&raquo; ЖШС және &laquo;Астана &ndash; АЭК&raquo; АҚ-на қатысты ағымдағы жылғы түбіртектерде көрсетілген электр энергиясы үшін төлем сомаларын есептеудің негізділігі бөлігінде жоспардан тыс тексеру тағайындады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті табиғи монополиялар саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып саналады.

Осыған байланысты, табиғи монополиялар субъектілерінің іс-әрекеттерімен келіспеген жағдайда, атап айтқанда коммуналдық қызметтер бойынша төлем сомалары жоғары түбіртек келіп түскен кезде, елорданың әрбір тұрғыны ТМРКД-ның атына: Нұр-Сұлтан қаласы, Петров көшесі, 5 мекенжайы бойынша немесе k.kense@economy.gov.kz. e-mail өтініш беруге құқылы.

Бөлісу:
Электр энергиясына жауапты мекемелер жоспардан тыс тексеріледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар