Қазақстан
1 мин оқу 460

Қазақстандықтар Ұлы қоныс аудару күнін атап өтеді

<p style="text-align: justify;">Қазақстанда тағы бір мерекелік күн пайда болады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндер тізіміне толықтырулар енгізді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Осылайша, Қазақстандағы мерекелік күндер тізімінде 18 қараша - Ұлы қоныс аудару күні пайда болды.

Түсіндірілгендей, бұл толықтыру 2021 жылғы 16 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген тапсырмалары шеңберінде енгізіледі.

Құжат жобасы 3 наурызға дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.

Бөлісу:
Қазақстандықтар Ұлы қоныс аудару күнін атап өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар