Президент
1 мин оқу 690

«Өзгерістер олардың мүдделеріне тиімді емес еді» – Президент билікке қарсы шыққандар туралы айтты

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев&nbsp;қаңтар оқиғасының себеп-салдары мен алдағы уақытта елімізде жүзеге асырылатын саяси және әлеуметтік реформаларға қатысты сұхбат берді, деп хабарлайды<a href="https://egemen.kz/"> Egemen.kz.</a> Мемлекет басшысының маңызды сұхбаты &laquo;QAZAQSTAN&raquo; ұлттық телеарнасынан көрсетілді.&nbsp;</p>

Мемлекет басшысы қаңтар оқиғасындағы қарақшы, лаңкестердің Алматыға сырттан келгенін, олардың мақсаты кісі өлтіру, қорқыту, дүкендерді тонау, әйелдерді зорлау, ақыр соңында билікті құлату болғанын баса айтты. Сондай-ақ ол қарақшылардың билікке неге қарсы шыққанын да айтып өтті.

– Мәселе мынада: төңкерісшілер елімізде қолға алынған реформаларға кедергі келтіруге тырысты. Тіпті Президентке де қарсы болды. Өзгерістер олардың мүдделеріне тиімді емес еді. Өйткені, реформалардың басты мақсаты – әділетті қоғам орнату, монополияларды жою, саяси трансформация жасау, еліміздің экономикалық дамуын жеделдету. Халық та осыны талап етіп отыр. Сондықтан, бағытымызды өзгертпейміз, реформалар міндетті түрде өз жалғасын табады, деді Президент. 

Бөлісу:
«Өзгерістер олардың мүдделеріне тиімді емес еді» – Президент билікке қарсы шыққандар туралы айтты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар