Әлем
1 мин оқу 790

Германия президенті сайланды

<p style="text-align: justify;">Германия Фе&shy;де&shy;ративті Респуб&shy;ликасы&shy;ның президенті болып Франк-Вальтер Штайнмайер бес жылға қайта сайланды.</p>

Федералды жиналыс мүшелерінің басым бөлігі оның кандидатурасын қолдап дауыс берді. Берілген және жарамды деп танылған 1 425 дауыстың ішінде 1 045 адам қазіргі президентті қолдаған. Федералды жиналыс тек қана президентті сайлау үшін бес жылда бір мәрте жиналады. Оның жартысы – бундестаг депутаттары болса, қалған жартысы 16 ландтаг – жер парламентінен жолданған сайлаушылардан тұрады. Олар жергілікті депутаттар, саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ спорт, өнер саласындағы танымал адамдар да болуы мүмкін.

Жиналыстың 86 мүшесі дауыс беруден қалыс қалған, 294 адам басқа үміткерлерді таңдаған. 66 жастағы Ф-В.Штайнмайер сайлаудың бірінші кезеңінде жеңіске жетті. Оны елдегі бүкіл беделді, саяси салмағы бар ірі партиялар қолдады. Биыл Федералды жиналыстың жұмысына 1 472 адам қатысты.

Франк-Вальтер Штайнмайерден бөлек бұл сайлауда тағы үш кандидат бақ сынады: майндтық дәрігер Гер­хард Траберт, ол 96 дауыс жинады, 140 дауыс жи­наған экономист Макс Отте және астрофизик Штефани Гебауэр (Stefanie Gebauer), оған 58 дауыс берілді.

2017 жылы наурызда ФРГ президенті болып сайланған Франк-Вальтер Штайнмайер екінші мерзім ел басқарады.

Бөлісу:
Германия президенті сайланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар