Коронавирус
1 мин оқу 190

БҚО «жасыл» аймаққа шықты

<p style="text-align: justify;">ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2022 жылғы 18 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қызыл» аймақта: Алматы қаласы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.

Айта кетейік, кеше, 17 ақпанда «қызыл» аймақта тұрған Ақмола, Қостанай облыстары «сары» аймаққа өтті.

Бөлісу:
БҚО «жасыл» аймаққа шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар