Ауа райы
1 мин оқу 182

Жұмаға арналған ауа райы болжамы

<p style="text-align: justify;">Қазгидромет 18 ақпанға арнаған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек республиканың оңтүстік-батысы мен солтүстігінде атмосфералық фронттар қар, жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыста жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын мен көктайғақ құбылыстарының болуына әсерін тигізеді. Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының түнде оңтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде облыстың шығысында жаяу бұрқасын, облыстың оңтүстік-батысында тұман болжанады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасынмен жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың батысында тұман түседі. Таңертең және күндіз Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында тұман күтіледі, күндіз оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, орталығында тұман күтіледі, күндіз орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында көктайғақ күтіледі. Атырау облысының шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Бөлісу:
Жұмаға арналған ауа райы болжамы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар