Аймақтар
2 мин оқу 230

Отандық 12 автобусты сатып алды

<p style="text-align: justify;">Арқа төсіндегі алпауыт кәсіпорын &laquo;АрселорМиттал Теміртау&raquo; еңбек ұжымдарының талаптарына құлақ аса бастады. Оқырманға түсінікті болу үшін айта кетейік, былтыр қараша айында болған апаттан кейін кеншілер компанияға қарасты автопарктің жаңартылуын мәселе ретінде көтерген болатын.</p>

Отандық 12 автобусты сатып алды

Енді міне, кәсіпорынның көмір департаменті Саран қаласында жасалатын Yutong маркалы авто­бустың 12 бірлігін сатып алды. Бұл көліктер кеншілерді шахталарға тасымалдауға арналады.

Аталған автобустарды сатып алу «АрселорМиттал Теміртау» АҚ мен Qaz Tehna ЖШС арасында 2021 жылы компанияның жұмысшылар алдындағы міндет­темелерін жүзеге асыру аясындағы келі­сімнің нәтижесінде мүмкін болды. Ал келісімшарттың жалпы сомасы 700 млн теңгені құраған.

Бір құптарлығы, автобус зауыты өз өнімінің сапасына жоғары мән береді. Сол себепті кәсіпорын қазіргі уақытта сатылымға шыға­рылған автобустардың жо­лау­шылар мен жүргізушіге жай­лылығын, жалпы өнімнің сапа деңгейін қатаң сынақтан өткізіп, жан-жақты тексеру жүргізіп жатыр.

Зауыт өкілдерінің айтуынша, аталған автобустар біздегі ауа райының жағдайына бейімделген, салонның іші автономдық жылыту жүйесімен жабдықталған. Сонан кейін көліктердің «Еуро 5» стан­дар­­тына сәйкес болуы да өнімге де­ген сұранысты арттыра түсері сөз­сіз.

Жаңадан сатып алынған автобустар туралы компанияға қарасты автопарк қызметкерлері жылы лебіз білдіріп отыр. Мысалы, Шах­тинск филиалы технологиялық көлік басқармасының бастығы Сергей Зинченко автобустардың өте жайлы, ыңғайлы және жүрдек екенін айтады.

– Біздің басты мақсатымыз – жігіттерді жұмысына және жұмыс­тан үйіне шаршатпай жеткізу. Кен­шілердің жұмысы ауыр. Сол себепті, олар жол үстінде де жақ­сылап ты­нығуы керек. Жаңа техникаға деген көзқарасамыз ерекше болмақ. Ұқып­тап ұстайтын боламыз, ұзақ қызмет еткені өзімізге де жақсы, – дейді ол.

«АрселорМиттал Теміртау» ком­паниясы сатып алған жайлы автобустардың 52 жолаушы орындығы бар. Іші-сырты шетелдік көліктерден бірде-бір кем емес деп сеніммен айтуға болады.

Қазіргі уақытта аталған көлік­­тердің бесеуі компанияға қарасты көмір департаментінің авто­паркіне жеткізілген. Бұл жерде көліктер маршрутқа шығар ал­дындағы арнайы әзірліктен өтеді. Жаңа авто­бустарға жүр­гізуші етіп кім көрінгенді отыр­ғыза сал­майды. Бүгінде бұрын­дары жұ­­мысында ешқандай ескер­ту бол­маған, жол қозғалысы мен техника қауіпсіздігін бұзып көрмеген жүргізушілер арасында таңдау жүргізіліп жатқан көрінеді.

Қарағанды облысы

Бөлісу: