Футбол
1 мин оқу 150

Сырт алаңда жеңіске жетті

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Чемпиондар лигасының екінші күніне жоспарланған тағы екі ойынның бірінші кездесулері аяқталды. Сәрсенбі күні &laquo;Ливерпуль&raquo; &ndash; &laquo;Интер&raquo; және &laquo;Ред Булл Зальцбург&raquo; &ndash; &laquo;Бавария&raquo; клуб&shy;тары жасыл алаңда жолықты.</p>

Сырт алаңда жеңіске жетті

Италиядағы «Джузеппе Меацца» стадио­нындағы тартысты бәсекеде «Ин­тер» ағыл­шындық командадан 0:2 есебімен же­ңіліп қалды. «Ливерпуль» сапынан 75-минутта Роберто Фирмино есеп ашса, араға тоғыз минут салып, Мохаммед Салах таблодағы көрсеткішті 2:0-ге жеткізді. Осы есеп матч соңына дейін сақталып қалды.

Екінші кездесуде Аустрияның «Ред Булл Зальцбург» ұжымы өз алаңында Гер­манияның «Бавариясын» қабылдап, 1:1 есебімен тең түсті. Ойынның есебін 21-минутта алаң иелері ашты. Гол авторы – Чик­вубуйке Адаму. Ал қонақтар сапынан 90-минутта Кингсли Коман мергендігімен көзге түсіп, командасын жеңілістен құтқа­рып қалды.

Бөлісу:
Сырт алаңда жеңіске жетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар