Оқиға
1 мин оқу 412
Алматы маңынан қару-жарақ қоймасы табылды
<p style="text-align: justify;">Қару-жарақ қоймасы Іле ауданы, Алматы - Өскемен тасжолының бойында жасырылған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.</p>
Оны жергілікті қылмыстық іздестіру бөлімінің қызметкерлері анықтады. Қоймадан «Марлин» және Tikka мылтықтары табылған.
Тексере келе, атыс қарулары Алматыдағы қару-жарақ дүкендерінің бірінен қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланғаны белгілі болды. Екі карабин де баллистикалық сараптамаға жіберілді. Тергеу аяқталғаннан кейін қару заңды иесіне қайтарылады.
2022 жылдың басынан бері Алматы облысында 200-ге жуық атыс қаруы тәркіленген.
Бөлісу: