Әлем
1 мин оқу 580
Ион теңізінде 237 жолаушысы бар кеме өртенді
<p style="text-align: justify;">18 ақпан күні Ион теңізінде бортында 237 жолаушысы бар лайнерде өрт шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> France-Presse агенттігіне сілтеме жасап.</p>
«Бортта 51 экипаж мүшесі де болған. Оқиға орнына үш патрульдік қайық пен жағалау күзетінің үш буксирі жіберілді», делінген жергілікті полиция қызметінің мәлімдемесінде.
Оқиға Грекияның Корфу аралының жағалауында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, ешкім зардап шекпеген. Өрттің шығу себебі әлі белгісіз, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Бөлісу: