Күрес
1 мин оқу 410

Grand Slam турнирі: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?

<p style="text-align: justify;">Бүгін Тель-Авивте дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирінің екінші жарыс күні өтеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

Жарыстың екінші күнінде әйелдер 63, 70, ал ерлер 73 және 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды.

Қазақстан сапынан бүгін жарыс жолына шығатын балуандар келесідей:

Ерлер:

Жансай Смағұлов (73 кг)
Данияр Шамшаев (73 кг)
Абылайхан Жұбаназар (81 кг)
Бекәділ Шаймерденов (81 кг)

Әйелдер:

Мөлдір Нарынова (63 кг)
Самалай Ерғалиева (63 кг)
Зере Бектасқызы (70 кг)

Жарыс елорда уақытымен сағат 15:00-де басталады.

Бөлісу:
Grand Slam турнирі: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар