Әлем
1 мин оқу 305

Бразилиядағы су тасқынынан 117 адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Бразилияның Рио-де-Жанейро штатындағы Петрополис қаласында толассыз жаңбар жауып, салдарынан көшкін болды. Табиғи апаттан кем дегенде 117 адам қаза тапты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.</p>

Петрополисте үш сағат ішінде 29 сантиметрден астам жаңбыр жауып, 80-ге жуық үй қирады. Билік 110-нан астам адам әлі күнге дейін хабар-ошарсыз кетті деп мәлімдеді.

Рио-де-Жанейродан солтүстікке қарай орналасқан қала танымал туристік орталық саналады. Бразилия президенті Жаир Болсонару өңірдегі қозғалысты қалпына келтіруге көмектесу үшін федералды қаражат бөлінетінін айтты. Ол, сондай-ақ Twitter-де қайғылы жағдай туралы жазып, жаңбырдан зардап шеккендер үшін дұға етуді ұсынды.

«Жағдай соғыс кезіндегідей... көліктер төңкеріліп, бағаналарға ілініп тұр, аударылып жатыр, кір мен су көп», деді Рио-де-Жанейро губернаторы Клаудио Кастро.

Петрополис мэриясы үш күндік аза тұту жариялады, өйткені 700-ден астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Олар мектептер мен уақытша баспаналарға көшірілді. Өрт сөндіру қызметі мен жергілікті азаматтық қорғаныс жасақтары тірі қалғандарды тәулік бойы іздеп жатыр. Мұндай жауын-шашын Петрополисте соңғы рет 1932 жылы болған.

Бөлісу:
Бразилиядағы су тасқынынан 117 адам қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар