Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 285

Букмекерлер Кособуцкийді фаворит санап отыр

<p style="text-align: justify;">Аса ауыр салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Жан Кособуцкий 20 ақпан күні шаршы алаңдағы кезекті кездесуін өткізеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Букмекерлер Кособуцкийді фаворит санап отыр

Бүгінгі күнге дейін кәсіпқой рингте 17 жекпе-жек өткізіп, қарсыласының барлығынан айласын асырып, 16 кездесуін мерзімінен бұрын аяқтаған қазақстандық боксшы бұл жолы француз Жоан Дюопаға қарсы шаршы алаңға шығады. Германияның Гамбург қаласында өтетін жекпе-жекте букмекерлік кеңселер қазақстандық боксшыны фаворит санап отыр. Мәселен, Parimatch букмекерлік кеңсесі қазақ оғланы жеңіске жетеді дегенге 1,04 коэффициент ұсынса, француз боксшысы жеңеді дегенге 9 коэффициент берген. Жанның қарсыласы 41 жасар боксшы екенін ескерсек, отандасымыз мерзімінен бұрын жеңіске жетуі әбден мүмкін.

Бөлісу:
Букмекерлер Кособуцкийді фаворит санап отыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар