Қысқы спорт
1 мин оқу 300
Қысқы Олимпиада: Конькиші Надежда Морозова финалға шықты
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық конькиші Надежда Морозова конькимен жүгіруден масс-старт бойынша Бейжің Олимпиадасының финалына шықты, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бүгін Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында әйелдер арасында конькимен жүгіруден масс-старт бойынша жартылай финалдық бәсекелер аяқталдыы.
Аталған санат бойынша ел намысын қорғаған Надежда Морозова жартылай финал қорытындысы бойынша өз тобында сегізінші орынды иемденді. Бұл бағдарлама бойынша, жартылай финалда үздік сегіздікке енген спортшылар финалға жолдама алады.
Осылайша жерлесіміз финалда сынға түсуге мүмкіндік алды. Финалдық бәсеке елорда уақытымен сағат 15:00-де басталады.
Бөлісу: