Атырауда қару тасымалдаған қылмыстық топ құрықталды
<p style="text-align: justify;">Атырауда заңсыз қару тасымалдаумен айналысқан, 9 адамнан құралған қылмыстық топ ұсталды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Олар түрлі атыс қаруын заңсыз сақтау және тасымалдаумен айналысқан.
Қылмыстық топ құрамында 23-27 жас аралығындағы Атырау қаласының тұрғындары бары анықталды. Тексеру кезінде 26 жастағы күдіктіден серия нөмірі өшірілген тапанша, ал 25 жастағы күдіктіден травматикалық тапанша табылып, тәркіленді.
Сондай-ақ, Атыраудағы Сәтпаев көшесінде орналасқан үйлердің бірінде орналасқан қоймадан үш атыс қаруы мен екі шолақ мылтық пен оқ-дәрілер тәркіленді.
Күдіктілердің екеуі бұрын қарумен жасалған бұзақылық дерегімен істі болғаны анықталды. Қазір ұсталғандарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.