Оқиға
1 мин оқу 630

Жезқазғанда жаппай төбелес болды

<p style="text-align: justify;">Жезқазғанда екі топ арасында жаппай төбелес болды. Төбелес шығарғандар ұсталды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жезқазғанда жаппай төбелес болды

Оқиға түнде Жезқазған қаласындағы Есенберлин көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында болған.

Төбелес шамамен сағат 00.20-да орын алған. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқ атылған. Сонымен қатар олар көлікті қиратқан. Бірнеше полиция жасағы екі-үш минут ішінде оқиға орнына келген.

«Оқиғаға қатысқандарды полиция қызметкерлері анықтап, Жезқазған қаласының полиция басқармасына жеткізді. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-ның 293-бабы «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», деді қалалық полиция басқармасының өкілдері.

Бөлісу:
Жезқазғанда жаппай төбелес болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар