Синоптиктер 8 өңірде ескерту жариялады
<p style="text-align: justify;">«Қазгидромет» РМК 21 ақпанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Түнде және таңертең 21-23 ақпанда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Тәулік бойы 22-23 ақпанда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с жел күтіледі.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болжанады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, күндіз шығысында, оңтүстік-батысында, көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 21 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 18 м/с.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ болжанады.
Қостанай облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында күші 15-20 м/с екпінмен жел соғады.
Күндіз Ақмола облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, өңірдің солтүстік-шығысында жылдамдығы 15-20 м/с жел тұрады.
Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Өңірдің батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с жел соғады.