Спорт
1 мин оқу 264

Ел чемпиондары анықталды

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтанда теннистен қысқы Қазақ&shy;стан чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл жарыста еліміздің бірқатар мықты ойыншысы бақ сынады.</p>

Ел чемпиондары анықталды

Әйелдер арасындағы бәсекенің бас жүлдесін Жібек Құламбаева мен Гозаль Айнитдинова өзара сарапқа салды. Жібек бірінші сетті еш қиналмай-ақ өз пайдасына шешсе, екіншісін Гозаль өте сәтті бастап, 3:0 есебімен алға шықты. Бірақ бұл жағдай Құламбаеваның еңсесін түсіре алмады. Қалған уақытта ширақ қимылдаған ол таразы басын теңестірді. Есеп – 6:3, 7:5. Қола жүлде Аружан Сағандықоваға бұйырды. Шешуіші тұста ол Екатерина Дмитриченконы еңсерді – 6:4, 7:6, Ерлер сайсында тәжірибелі Денис Евсеев пен жас дарын Бейбіт Жұқаев күш сынасты. Екеуара тартыста Бейбіттің бағы жанды – 7:6, 6:2. Бұл – 21 жастағы Маңғыстау облы­сы түлегінің спорттық мансабындағы әзір­ге ең ірі табысы. Үшінші орынды Дмитрий Лома­кин иеленді.

Ерлер мен әйелдер арасында өткен жұп­тық сайыстарда Жібек Құламбаева мен Ека­терина Дмитриченко және Денис Евсеев пен Григорий Ломакинға тең келер ешкім табылмады.

Бөлісу:
Ел чемпиондары анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар