Аймақтар
1 мин оқу 215

Павлодарда жүргізуші зейнеткерді қағып, қашып кеткен

<p style="text-align: justify;">Павлодарда болған жол апаты салдарынан зейнеткер көз жұмды, ал күдікті оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«19 ақпанда сағат 07:20-да Космонавттар көшесінде Daihatsu Terios автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі 1948 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізіледі», деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Полицияның хабарлауынша, 33 жастағы жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері жүргізушіні ұстады.

Автокөлік арнайы айып тұрағына қамалды.

Бөлісу:
Павлодарда жүргізуші зейнеткерді қағып, қашып кеткен · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар