Алматылық «Қайрат» сапына шетелдік ойыншы қосылды
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық футзалдың көшбасшысы алматылық «Қайрат» клубына жаңа ойыншы қосылды. Енді Бразилиялық Ранжельдің орнын Венесуэла құрамасының ойыншысы Карлос Санз басатын болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Клубының баспасөз қызметі хабарлағандай, Карлос Венесуэла құрамасын 2014 жылдан бері қолдап келеді. Оңтүстік америкалық спортшы «Қайратпен» 1,5 жылға келісімшартқа қол қойды. Енді Санз алматылық командада 18-ші нөмірмен өнер көрсетеді.
25 жастағы қорғаушы әр жылдары Италия, Хорватия, Перу және Эквадор чемпионаттарында ойнады.
Өз кезегінде Бразилия құрамасының ойыншысы Ранжел өзінің туған жерінде Бразилиялық «Пато Футзал» командасында ойнайтын болады.