Аймақтар
1 мин оқу 360

ШҚО-да жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді

<p style="text-align: justify;">ШҚО-да қар көшкінінің алдын алу үшін жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді. Бұл шаралар қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қар көшкінінің алдын алу шаралары «Алтай-Путинцево» және «Алтай-Богатырево» тасжолдарында жүргізілді.

«Бір аптадан кейін көктем келеді. Бұл қар көшкіні жүру қаупі ең жоғары кезең. Алайда қазірдің өзінде ауа температурасы күрт жылып, жауын-шашын жаууына байланысты облыста көшкін жүру қаупі туындаған. Соған орай «Қазселденқорғау» ШҚО филиалының мамандары екі жолда профилактикалық көшкін түсіру жұмыстарын жүргізді», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Бөлісу:
ШҚО-да жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар