Аймақтар
3 мин оқу 350

Қарағанды облысында карантин шаралары жеңілдеді

<p style="text-align: justify;">Қарағанды облысында коронавирустық инфекциямен сырқаттану деңгейінің төмендеуіне байланысты шектеу шаралары жеңілдетіледі. Атап айтқанда, қазір балалардың ата-анасына немесе заңды өкілдеріне балабақшалар мен мектептерге кіруге рұқсат етілген, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Тиісті қаулыға облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Юрий Залыгин қол қойды. Құжат 22 ақпанда күшіне енеді.

Ертеңнен бастап:

- Ashyq қосымшасында «жасыл» және «көк» мәртебесі бар тұлғалар сауда ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлері мен желілерге, бассейндерге, ойын, түнгі клубтарға, караоке және басқа да бизнес объектілеріне әлеуметтік қашықтық пен маска режимін сақтай отырып, шектеусіз бара алады;

- көрмелер, марафондар, спорттық, салтанатты, естелік, отбасылық іс-шаралар, конференциялар, форумдар, ойын-сауық, ұжымдық дұға ету және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды ұйымдастыруға, өткізуге және баруға рұқсат етіледі;

- кинотеатрларда кинозалға тамақ пен сусын ішуге рұқсат етілген;

- балалардың ойын-сауық орталықтары, лотерея клубтары мен букмекерлік кеңселердің толымдылығы бойынша шектеулер алынып тасталды.

- ұйымдар мен кеңселердің офлайн режимде жұмыс істеуі үшін шектеулер алынып тасталды (қызметкерлерді COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жағдайында қашықтан және бетпе-бет форматтағы қызметкерлердің пайыздық қатынасы бойынша талаптарды ескерместен жұмыс істеуге болады.

Бұл ретте соңғы 3 ай ішінде COVID -19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және COVID -19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің офлайн жұмыс істеуіне жол беріледі);

- егер екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспаса, ревакцинация немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған, елге келетін ҚР азаматтары үшін міндетті ПТР-тестілеу тоқтатылды;

- ПТР-тестсіз вакцинациялау паспорттарын өзара мойындайтын шет мемлекеттердің азаматтарына кіруге рұқсат етіледі;

- ауру белгілері болмаған жағдайда байланыста болған адамдарды үй карантиніне оқшаулау жойылды;

- балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне білім беру ұйымдарының ғимаратына кіруге рұқсат етіледі.

Білім беру мекемелерінде COVID -19 топтық ауруын тіркеген кезде сыныптарға, топтарға және ағындарға үй карантині 10 күнге созылады. Бұл ретте карантинді енгізу бір сыныптағы (топтағы), бір ауысымдағы немесе бір ағындағы балалардың 30%-дан астамы дерт жұқтыруына байланысты болуы тиіс.

Балалар үй карантині аяқталғаннан кейін сабақтарға ПТР-тест тапсырусыз және анықтама ұсынусыз жіберіледі. Теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөткізгіштерде Республиканың мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері арқылы Қазақстанға келген барлық адамдар (Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; локомотив бригадаларының мүшелерін; теміржол, теңіз және өзен көлігінде тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды қоспағанда) термометриядан, сауалнамадан өтеді және ПТР әдісімен (қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде) COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтаманы ұсынуға міндетті.

Анықтама ПТР әдісімен зерттеу үшін материалды Қазақстан мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте 72 сағаттан ерте емес уақытта өткен жағдайда жарамды; Еріп жүрушілерде анықтама болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларға арналған анықтаманы ұсыну талап етілмейді; егер екінші компонентті алғаннан кейін Қазақстанның шекарасын кесіп өту сәтінде 6 айдан аспаған болса, Қазақстан Республикасында ревакцинацияны немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған адамдарға құжаттық растауды ұсынған кезде;

Қазақстан аумағында жарамды деп танылған, COVID-19-ға қарсы вакцинация туралы паспортты/сертификатты/анықтаманы ұсынған адамдарға. «Pfizer» вакцинасын келесі санаттағы азаматтарға қолдануға рұқсат етілген:

- мүмкіндігі шектеулі адамдар (барлық топтағы мүгедектер) мен 50 жастан асқан адамдардың ревакцинациялары;

- вакцинация:

- мүмкіндігі шектеулі адамдар (барлық топтағы мүгедектер);

- Қазақстаннан тыс жерде бірінші компонентті алған вакцинациялау курсын аяқтау үшін (екінші доза).

Бөлісу:
Қарағанды облысында карантин шаралары жеңілдеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар