Әдебиет
2 мин оқу 561

Жырдың жезкиігі

<p style="text-align: justify;">Биыл көрнекті ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімбек Салықовтың туғанына 90 жыл толды. Соған орай астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада ардақты ақынды еске алуға арналған &laquo;Жыр әлемінің жезкиігі&raquo; атты әдеби кеш өтті.</p>

Жырдың жезкиігі

Мазмұнды кешті ашып жүр­гізген ақын, Қазақстан Жазу­шылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы Кәкімбек аға­мыздың биылғы айтулы мерейтойына байла­ныс­ты бірқа­тар іс-шара жос­пар­ланғанын айта келіп, аста­на­­дағы ақын тұрған үйге ескерт­кіш-тақта ор­на­­ты­ла­тындығын жеткізді.

Одан кейін белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сый­лығының лауреаты Ғалым Жайлыбай ол кісіні он бес жа­сы­нан бастап танып, көзі тірі­сінде ағалы-інілідей жақын сый­ласқандығын сөз етті.

 – Кәкімбек Салықов – есімі үлкен әріппен жазылатын, жал­пақ қазақ танитын тұлға. Ол екі формацияда өмір сүріп, ке­шегі Кеңес одағын басқарған Брежнев, Черненколармен қатар жұмыс істеп, қазақтың бір баласы ретінде биікке шыққан, аңыз адам. Ол кісі академик «Қаныш Сәтбаев» қорын басқарғанда мені бірге жұмыс істеуге қасына ша­қырып алды. Сонда асыл ағаны жақын танып, адами ғажайып асыл қасиеттеріне тәнті болдым. Қазақты бөліп-жармай тұтас жақсы көретін. Тұмағаңдармен достығы да керемет еді. Ал­ғашқы жыр жинақтарымен оқыр­мандарының ықыласына бө­ленді. Ақындық пен кеншілікті құстың қос қанатындай қатар алып жүрген ақынның поэ­зиясы тереңдік пен биіктік деген өлшемге лайық, – деді ол.

Сондай-ақ жазушы-дра­ма­тург Өтен Ахмет, қарымды қа­ламгер Баянғали Әлімжанов, тарих ғылымдарының докторы Марат Әбсеметов, күйші Жан­ғали Жүзбай және тағы басқа зиялы қауым өкілдері тұғырлы тұлғаның жан-жақты қырына тоқталып, жылы әсерге толы ес­телік өрбітті. Кеш барысында арқалы ақынның өлеңіне жа­зылған «Жезкиіктен» бастап, ел сүйіп тыңдайтын бірқатар ән орын­далды.

Бөлісу:
Жырдың жезкиігі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар