Қоғам
1 мин оқу 750

Су тасқыны қаупі бар өңірлер анықталды

<p style="text-align: justify;">ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі елдегі су тасқыны қаупі бар өңірлерді атады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қардағы су қорының мөлшерін, топырақтың күзгі ылғалдануын, топырақтың қату тереңдігін талдай отырып, сондай-ақ қар астында мұз қабығының болуын ескеріп, су тасқыны қаупі бар аймақтар анықталды.

Су тасқыны қаупі бар өңірлер: Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстары.

Орташа қаупі бар аймақтар: Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстары.

Су аздығы деңгейі жоғары қаупі бар өңірлер: Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе және Атырау облыстары.

Бөлісу:
Су тасқыны қаупі бар өңірлер анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар