Коронавирус
1 мин оқу 155

Облыста миллионға жуық адам вакцина салдырды

<p style="text-align: justify;">Жұқпалы індеттің таралу деңгейі бойынша Алматы облысы &laquo;жасыл аймақ&raquo; санатына кірді. Алайда бұл өңірде коронавирус инфекциясының қаупі төмендеді дегенді білмейді. Өйткені ауырып ем іздеген адамдар қатары әлі де бар.</p>

Облыста миллионға жуық адам вакцина салдырды

Мысалы, өткен тәулікте облыс аумағында 27 адам­ның вирус жұқтырғаны анық­талды. Соның ішінде Тал­ғар ауданында – 7, Текелі қаласында – 5, Жамбыл, Қа­ра­тал аудандары мен Талды­қорған қаласында – 3, Ескелді, Панфилов және Ұйғыр аудандарында 2 жағдай тіркелді. Сондай-ақ осы аралықта 203 адам емделіп, ауруханадан шыққан екен. Өңірдегі медицина мекемелерінде 485 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулік ішінде ауруханаларға 15 адам түскен. Ал ауруханалардағы төсектік орын саны – 2 780 ша­ма­сында. Қазір соның 17,4 пайызы бос емес. Оның ішінде жансақтау бөлімінде 22 адам жатыр. Сондай-ақ соңғы 3 күнде 4 794 адамның ПТР сынамалары зертханаларда тексерілген.

Жалпы, Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алғандар саны 990 911 адамды құрады. Со­ның ішінде бір күн ара­лығында екпе алғандар саны – 2 855 тұрғын шамасында. Ал екпенің екінші компонентін 891 567 адам салдырып үлгерген екен.

Алматы облысы

Бөлісу: