Бокс
1 мин оқу 210
«Странджа» кубогі: 5 боксшымыз келесі кезеңге өтті
<p style="text-align: justify;">Болгарияның София қаласында бокстан дәстүрлі «Странджа» турнирі жалғасуда деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҰОК жариялаған жарыс күнінің нәтижелеріне сілтеме жасап.</p>
57 келідегі Бибарыс Жексен франциялық Самюэль Кистохты 5:0 есебімен ұтса, осы салмақтағы Оразбек Асылқұлов қырғыз боксшысы Жеңісбек Белашаровты 5:0 есебімен жеңді.
60 келідегі Василий Самчук ұлыбританиялық Ниэль Фаррелді 4:1 есебімен тізе бүктірді. Әділет Құрметов германиялық Мұрат Йылдырымнан жеңілді.
80 келідегі Ерасыл Жакпеков ресейлік Савели Садомадан 3:2 есебімен басым түсті.
Ал 92 келідегі Абзал Құттыбеков испаниялық Эмануэль Пла Рейесті жеңіп, келесі айналымға өтті.
Бөлісу: