Оқиға
1 мин оқу 270

Шымкентте заңсыз майнинг фермасы анықталды

<p style="text-align: justify;">Электр желісіне заңсыз қосылған майнинг фермасын Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкенттегі департамент қызметкерлері анықтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті Bitcoin цифрлық криптовалютасын өндіруге арналған 360 дана ASIC жабдығын тауып, тәркілеген.

«Майнинг фермасы үш жабдықталған контейнерлерде орналасқан. Тергеу жүріп жатыр», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Шымкентте заңсыз майнинг фермасы анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар