Спорт
1 мин оқу 160

Кукушкиннің ғана жолы болды

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Бұл күндері әлемнің әр қиырында теннистен дүбірлі додалар өтуде. Кіл мықтылар бас қосқан сол жарыстарда Қазақстанның теннисшілері де бақ сынап жатыр.</p>

Кукушкиннің ғана жолы болды

Өкінішке қарай, осы аптада басталған бәсекелер жерлестеріміз үшін сәтсіз аяқталды. Қатардың бас шаһары – Дохадағы жүлде қоры 2 632 448 АҚШ долларын құраған турнирде Юлия Путинцева белоруссиялық Виктория Азарен­кодан ұтылғанын біз бұған дейін жазғанбыз. Келесі күні еліміздің ең үздік теннисшісі Елена Рыбакина да сүрінді. Ол есімі көпшілікке беймәлім франциялық Жаклин Кристианға жол берді – 4:6, 3:6. Дубайдағы додада ерлер арасындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик те жеңілістің кермек дәмін татты. Отандасымыз алғашқы айналымда АТР рейтингінде 11-орында тұрған поляк Хуберт Хуркачқа есе жіберді – 3:6, 1:6.

Жерлестеріміздің арасынан Михаил Кукушкин ғана өз жанкүйер­лерін қуанта алды. Францияның По қаласында өтіп жатқан жарыстың бірінші кезеңінде ол чехиялық Иржи Лехечканың (6:0, 6:2) тас-талқанын шығарды. Келесі айналымда Кукушкин франциялық Мануэль Гинармен шеберлік байқасады.

Бөлісу:
Кукушкиннің ғана жолы болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар