«Аптаның үздік ойыншысы» аталымына үміткерлер іріктелді
<p style="text-align: justify;">Чемпиондар лигасының 1/8 финалдық кезеңінің алғашқы ойындары толығымен аяқталды. Осыған орай УЕФА-ның баспасөз қызметі «Аптаның үздік ойыншысы» аталымына үміткер футболшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Аталған аталым бойынша үміткерлер тізіміне нидерландылық «Аякс» футбол клубының қорғаушысы Нуссайр Мазрауи, испаниялық «Вильярреал» фктбол клубының жартылай қорғаушысы Даниэль Парехо, ұлыбританиялық «Челси» футбол клубының жартылай қорғаушысы Н Голо Канте, испаниялық «Атлетико» футбол клубының шабуылшысы Жоау Феликс енген. Өткен аптаның үздігі болып франциялық «ПСЖ» футбол клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе танылған болатын.