Тағайындау
1 мин оқу 550
Ұлттық статистика бюросының басшысы тағайындалды
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Нұрланұлы Шаймарданов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. </p>
Жандос Шаймарданов 1987 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
2009 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Йорк университетінде білім алған. Мамандығы - «Экономика және қаржы».
Еңбек өтілі:
- Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бас сарапшысы (2009-2010);
- «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ менеджері (2010-2013);
- Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі (2013-2014);
- Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры (2014-2016);
- Департамент директоры, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры (10.2016-2019);
- «QazTech Ventures» АҚ Басқарма төрағасы (2019-2020);
- ҚР Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты департаментінің директоры (2020 жылдан бастап).
Бөлісу: